Адам құқықтары жөніндегі уәкіл СҚО ҚАЖД мекемесіне жұмыс сапарымен барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл СҚО ҚАЖД мекемесіне жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан №50 мекемеге барды. Мұнда шамамен 300 сотталған жазасын өтеп жатыр, ал Омбудсменнің негізгі мақсаты – олардың құқықтарының сақталуын және ұсталуһ шарттарының белгіленген стандарттарға сәйкес болуын қадағалау.
Уәкілді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Мұрат Нәкенов, облыстық прокуратура өкілдері және мекеме басшылығы қарсы алды.
Сапар барысында Артур Ластаев мекеменің тұрмыстық жағдайларымен, тамақтануымен, медициналық қызмет көрсетумен және санитарлық жағдайымен танысты. Ол әйелдермен жеке сөйлесіп, олардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Мекемеде “соқыр аймақтардың” жоқтығын қамтамасыз ететін 420 камерадан тұратын тәулік бойы бейнабақылау жүйесі жұмыс істейтіні, сондай-ақ шағым беруге арналған электрондық терминалдар орнатылғаны атап өтілді.
Омбудсмен сондай-ақ сотталғандар жұмыс істейтін өндірістік алаңдарды аралады. Мұнда “Еңбек-Қызылжар” РМК және жеке кәсіпкерлердің цехтары жұмыс істейді. Жақын арада мекеме аумағында тігін цехы орналасатын жаңа ангардың құрылысы жоспарлануда, бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ластаев бейнабақылау бекетінің жұмысымен және бет-әлпетті тану жүйесінің техникалық мүмкіндіктерімен де танысты. Оның айтуынша, бұл қауіпсіздік пен ашықтық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Сапар қорытындысы бойынша Омбудсмен жеке қабылдау өткізіп, онда сотталғандар кеңес алып, құқықтық көмекке ие болды.