Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Қарағанды облысы полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиын барысында кеңес төрағасы Серікжан Байбосынов кеңес құрамындағы өзгерістерді хабарлап, Астана қаласына қызметке ауысуына байланысты мүшеліктен шыққан Ләззат Қожахметованың орнына жаңа мүшелер қабылданғанын атап өтті.

Кеңес аясында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Данияр Уақасов аймақтағы көші-қон үдерістеріне тоқталып, шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметімен байланысты проблемаларды баяндады.

Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ерболат Искаков облыста әкімшілік құқық бұзғандарды ұстауға арналған орындардың жеткіліксіздігін атап өтіп, Шахтинск қаласында жаңа уақытша ұстау орталығын ашу жоспарымен бөлісті.

Сонымен қатар кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша Адам құқығын қорғау филиалының директоры Юрий Гусаков арнайы мекемелер қызметкерлеріне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөнінде оқыту дәрістерін ұйымдастыруды ұсынды.

Жиын соңында кеңес төрағасы Серікжан Байбосынов Қазақстан Республикасының Президенті жолдауына тоқталып, онда айтылған заң мен тәртіп мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Ол кеңес мүшелерін қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде полициямен тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру