Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі бойынша брифинг өтті

Түркістанда мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі бойынша брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен "Мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігі" тақырыбында брифинг өтті. Шараға спикер ретінде полиция департамантінің әкімшілік полиция қызметі мен жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Жалпы, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау бағытында облыс полицейлері бірқатар профилактикалық жұмыстарды атқаруда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыс 1,2% төмендеген. Тәртіп сақшылары үнемі "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтерді өткізіп келеді. Аталған тексеріс нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 6 573 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуына жол берген 164 мекеме иелеріне шара көрілді. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 324 қолайсыз отбасы және құқық бұзушылыққа бейім 496 кәмелетке толмаған есепке алынған.

Ал осы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында өсім байқалады. Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан аталған жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде балаларды тасымалдайтын автобустарға тексеру жұмыстары жүргізілуде. Кемшіліктер анықталған автобустарға техникалық байқаудан қайта өткенге дейін пайдалануға тыйым салынуда. Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Облыстағы барлық мектептің жолдарына жаңа үлгідегі сары панолар мен жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ кезең-кезеңімен жаяу жүргінші жолақтары мен жол белгілері жаңартылуда. Осы ретте полиция кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстардың өзекті мәселе екенін ескеріп, жергілікті атқарушы органдар мен білім басқармасының қызметкерлерімен ақпарат алмасып, профилактикалық жұмыстарды бірлесіп жүргізуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру