Абай облысында алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуде
Абай облысында алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Абай облысының полицейлері 418 азаматты қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін ұстады.
Жүргізілген талдау нәтижесінде әрбір екінші кісі өлтіру және пышақ қолданумен жасалған ауыр қылмыстар спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында жасалатыны анықталды.
Полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктер, соның ішінде құйып сату жүзеге асырылатын сауда және қоғамдық тамақтану орындарына бақылауды күшейтті. Тексеріс барысында 6 заңсыз алкоголь өнімін сату дерегі анықталды — лицензиясыз және рұқсат етілмеген уақытта.
Полиция атап өткендей, алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.