Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығының алдын алу: Павлодар облысында полицейлер тұрғындармен кездесті

Павлодар облысында полицейлер мал ұрлығының алдын алу мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер "Учаске" ЖПІШ шеңбері аясында мал ұрлығының алдын алу бойынша халықпен әңгіме жүргізуде. Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

- Учаскелік полиция инспекторлары бақташылармен, тұрғындармен, мал иелерімен күн сайын автожолдарда ЖКО болдырмау туралы профилактикалық әңгімелер өткізеді. Сондай-ақ мал ұрлығы бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Үшжақты шарттар жасасу туралы еске салды. Мал бағу фактілері бақташысыз , мал иесінсіз анықталған жағдайда жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда полицияға "102" телефоны бойынша хабарласу қажет. Бұл қылмысты жедел-іздестіруге және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі, - деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаев.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды ескертеді. Таңертең, түстен кейін және түнде күзгі тұман болып, жол жиектерінде жылқы мен сиыр табындары, сонымен қатар қой отарлары да болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру