Чемпиондар ұстаханасы: динамошылар бокстан әлем біріншілігін бағындырды
Қазақстандық динамошылар бокстан әлем чемпионатын бағындырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4-14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, тарихи жеңіске жетті.
Спортшыларымыз 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Әлем чемпиондарының қатарында Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай және Наталья Богдановалар бар. Сондай-ақ жүлдегерлер арасында "Динамо" ДШСҚ тәрбиеленушілері Назым Қызайбай мен Виктория Графеева да бар екендігін мақтанышпен айта аламыз.
Осылайша биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтетін "Динамо" ДШСҚ - спорттағы таланттардың нағыз ұстаханасы екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Әлемдік додадағы бұл жеңіс – қазақстандық динамошылардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен жанқиярлық еңбегінің айғағы.