Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мен "Жасыл Желкен" ҚБ есірткіге қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады

ҚР ІІМ мен "Жасыл Желкен" ҚБ есірткі айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "Жасыл Желкен" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, "Есірткі айналымына қарсы іс-қимылға қатысты қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жан-жақты қарастыру болды. Ерекше назар құқық қолдану тәжірибесін нығайтуға және есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікті ізгілендіру қағидаттары мен қоғамды қорғау қажеттілігі арасындағы тепе-теңдікті табуға бағытталды. Пікірталас аясында әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты алдын алу және қайта әлеуметтендіру мәселелері де көтерілді.

Қатысушылар соңғы өзгерістерді, заманауи сын-қатерлер мен үрдістерді ескере отырып, қылмыстық заңнама нормаларын қолданудың өзекті аспектілерін қарастырды. Санкциялардың сәйкестілігі, реттеудегі олқылықтарды жою, сондай-ақ сот-тергеу тәжірибесінде бірізділікті қамтамасыз ету мәселелеріне жеке көңіл бөлінді.

Жиын қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарымен күрестің тиімді қылмыстық-құқықтық тетіктерін дамытуға, нормативтік базаны жетілдіруге және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылар бұл бастамалардың жүзеге асырылуы есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырып қана қоймай, құқық қорғау институттарына қоғамның сенімін нығайтуға да ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру