Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысындағы колонияға сотталғандармен жұмыс істеуге арналған жаңа жабдық берілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 мекемесіне техникалық жабдықтар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жабдықты табыстау БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы делегациясының және АҚШ елшілігі өкілдерінің сапары аясында өтті.

Делегация құрамында АҚШ Үкіметінің терроризмге қарсы күрес бюросының өңірлік кеңесшісі Теодор Крейг, АҚШ елшілігінің өкілдері Джереми Андерсон мен Сесилия Чо, Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы Мадина Сариева болды.

Қазақстан тарапынан ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Баймағанбетов, жедел басқарма бастығының орынбасары Даулет Абраев, режим, қадағалау және күзет басқармасы бастығының орынбасары Ержан Жұмадилов, САТжӘПБ бас маман-психологы Людмила Игнатенко, сондай-ақ ҚАЖ департаментінің бастығы Рысбек Тургумбаев қатысты.

ҚАЖ комитеті мәліметінше, бұл шара қауіпсіздік шараларын күшейтуге және экстремистік пен террористік сипаттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмысты қолдауға бағытталған.

- Халықаралық серіктестермен мұндай ынтымақтастық қылмыстық-атқару жүйесінің мүмкіндіктерін арттырып, экстремизмнің алдын алуға ықпал етеді, – деді ҚАЖК төрағасының орынбасары Жаныбек Баймағанбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру