Шығысқазақстандық студенттерге есірткінің зияны туралы түсіндірілді
Шығысқазақстандық студенттерге есірткінің зияны туралы түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша кешенді шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, алдын алу кеңесінің мүшелері және кинологтар бірлесе отырып, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғарғы колледжінің жатақханасында рейд өткізді. Іс-шара барысында қызметтік иттер де тартылды.
Студенттерге есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа төндіретін зор қауіптері түсіндіріліп, оларды сақтау мен тарату заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жатақханадағы ішкі тәртіптің сақталуын және тыйым салынған заттардың болмауын тексерді.
Мұндай профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, жастарға қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
