Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер отбасылық эстафетаға қатысты

СҚО-да полицейлер отбасылық эстафетаға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы күні қарсаңында және одан кейін де Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде отбасы институтын, дәстүрлі құндылықтарды және салауатты өмір салтын нығайтуға бағытталған шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Департаменттің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері, "Динамо" спорт қоғамының облыстық филиалы және ПД-ның тәжірибелі психологтары бірлесіп "Әке, ана, мен – спорттық отбасы" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Жеті түрлі көңілді сайыс полицейлер үшін тек шынығу мен командалық рухты сынау ғана емес, қызметтік қарбалас арасында ең жақын жандарымен бірге уақыт өткізуге де мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысында бірінші орынды Жұмановтар отбасы иеленсе, екінші орынға Хакимовтар отбасы шықты. Бұл екі әулеттің отағалары департамент аппаратының қызметкерлері. Құрметті үшінші орын Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері — Самаратовтар отбасына бұйырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру