Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер мен "Жастар Рухы" жастар қанаты бірлесіп, рейдтік шаралар өткізді

Павлодарда полицейлер мен "Жастар Рухы" жастар қанаты бірлесіп, рейдтік шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "Жастар Рухы" жастар қанатымен бірлесе отырып, кең көлемді рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар өскелең ұрпақтың заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Рейд барысында полицейлер мен белсенділер жасөспірімдермен және жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар қоғамдық тәртіпті бұзудың жол берілмейтінін атап өтіп, құқыққа қайшы әрекеттер үшін заң алдында жауапкершілік бар екендігін еске салды.

Мұндай бірлескен бастамалар полиция мен жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығын арттырып қана қоймай, жас азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге де ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру