СҚО-да 300 полиция қызметкеріне ауқымды психологиялық тренинг өтті
СҚО-да 300 полиция қызметкеріне ауқымды психологиялық тренинг өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметінде қателіктің бағасы тым жоғары, ал тұрақты күйзеліс — күнделікті серік. Қызметкерлер кәсіби жүктемеге төтеп беріп, біртұтас механизм ретінде әрекет етуі үшін оларға тек физикалық емес, психологиялық төзімділік те қажет. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысының түрлі бөлімшелерінен келген 300-ден астам полицей "Березка" балалар лагерінің базасында командалық өзара іс-қимылды дамытуға арналған қарқынды курстан өтті.
Шараны полиция департаментінің тәжірибелі офицер-психологтары ұйымдастырып, сенімділік пен ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарлама әзірледі.
Бірнеше күн бойы полицейлер топтарда жұмыс істеп, тренингтерден өтіп, тәжірибелік тапсырмаларды орындап, өзара тәжірибе алмасты. Бұл сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыруға, әркімнің өз әлеуетін көрсетуіне және әріптестік иығын сезінуіне мүмкіндік берді.
Дәстүрлі тимбилдинг қызметкерлер үшін бірлесіп әрекет етудің жаңа қырларын меңгеруге, ұжымдық рухты күшейтуге және алдағы қызметке күш-қуат жинауға жол ашты. Мұндай іс-шаралар полицейлерге кәсіби жүктемеге төтеп беруге ғана емес, ішкі тепе-теңдікті сақтауға да көмектеседі. Бұл – полиция жұмысы үшін ерекше маңызды.