Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еңбек, адалдық және қызмет: кинолог бойжеткен мен оның серіктестері

Еңбек, адалдық және қызмет: кинолог бойжеткен мен оның серіктестері

Еңбек күні – өз ісіне жан-тәнімен берілген адамдардың мерекесі. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының инспекторы, полицияның аға сержанты Татьяна Васичкина.

Ол 2015 жылдан бері полицияда қызмет етіп келеді. Татьяна күрделі әрі жауапкершілігі жоғары кинолог мамандығын таңдады. Бүгінде оның сенімді көмекшілер тобы бар: жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді іздеуге машықтанған 4 жасар неміс овчаркасы Гера; одорологиялық идентификацияға маманданған 2 жасар орыс спаниелі Лада; сондай-ақ жарылғыш заттарды іздеуге үйретіліп жатқан 6 айлық лабрадор-ретривер Берта.

Татьяна аптасына жеті күн, тәулік бойы өз итімен жұмыс жасайды: жаттығулар өткізіп, ашық аспан астында, түрлі ғимараттарда, күдік тудыратын заттармен жұмыс істейді. Бұл қызмет үйлесімділікті, өзара сенімділікті талап етеді – себебі кез келген сәтте ит пен оның жетекшісі белгісіздік жағдайында, қауіптіліктің дәл ортасында болуы мүмкін.

- Кинологтың жұмысы – адамдардың ғана емес, иттердің өмірі мен денсаулығы үшін де жауапкершілік. Біз әр иттің мінезін, психологиясын білуге, онымен дұрыс жұмыс істей білуге және қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге тиіспіз, – дейді Татьяна.

Жауапкершіліктің жоғары болуына, кез келген уақытта, кез келген ауа райында шұғыл шақыртуларға шығуына қарамастан, Татьяна қызметін де, төрт аяқты достарын да өмірінен бөле алмайтынын айтады. Бұл оның кәсібі ғана емес – жүрек қалауы.

Татьяна мен оның сенімді серіктестерінің тарихы – еңбектің, адалдықтың және қызмет етудің қоғамды қауіпсіз әрі мейірімді ете алатынын дәлелдейтін жарқын үлгі.

Олардың күнделікті еңбегі – полиция жұмысының нақты іргетасы. Өз ісіне берілгендік – "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудың басты көрсеткіші. Әрбір қызметкер өз орнында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткенде ғана қоғам нығаяды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру