Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік құралдарының техникалық байқауына бақылау күшейтіледі

Алматыда полиция көлік құралдарының техникалық байқауын формалды немесе жалған түрде өткізудің алдын алу шараларын күшейтпек, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысын бақылау барысында уәкілетті органдар көлік құралдарының техникалық жағдайын бағалау сапасына және оның шынайылығына қатысты бірқатар олқылықтарды анықтады. Бұл деректер профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін және қала жолдарында "Заң және тәртіп" қағидатын қатаң сақтау маңыздылығын айғақтайды.

- Жол қозғалысының қауіпсіздігі ең алдымен техникалық тұрғыдан жарамды көліктен басталады. Техникалық байқауды формалды түрде өткізуге жол берілмейді. Біз заң аясында әрекет ете отырып, қала көшелеріне шыққан әрбір автокөліктің қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз етеміз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сонымен қатар полиция өкілдері 2025 жыл құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы болып жарияланғанын еске сала отырып, көлік құралдарын пайдалануға жіберу кезеңінде заң бұзушылықтардың алдын алуға айрықша назар аударылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру