Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тасжолдарда көлік шамдарының талапқа сәйкестігі тексерілді

Атырауда тасжолдарда көлік шамдарының талапқа сәйкестігі тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарының жарық шамдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Соңғы уақытта жүргізушілер арасында көліктерге зауыттық стандарттарға сәйкес келмейтін, рұқсат етілмеген LED және ксенон шамдарын орнату деректері жиілеген.

Мұндай жарық құрылғылары:
- Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен жол қозғалысы ережелеріне қайшы келеді;
- Жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы мүмкін. Рұқсат етілмеген жарық шамдарын орнату – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Осы орайда полиция көлік шамдары міндетті түрде зауыттық стандарттарға сәйкес болуы тиістігін, жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің азаматтық міндеті және қажетсіз артық жарық – жолдағы өзге азаматтардың өміріне қауіп төндіретіндігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру