Жетісу облысында полицейлер қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектесті
Жетісу облысында полицейлер қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әрқашан сенім артуға болатын адамдар бар. Олар ауа райына да, уақытқа да қарамай көмекке келеді. Осындай жандардың қатарында — полиция қызметкерлері. Олар үшін азаматтардың қауіпсіздігі мен қолдау көрсету тек қызметтік міндет емес, нағыз өмірлік парыз.
Алматы — Өскемен тас жолының 535-шақырымында жүргізуші қиын жағдайға тап болды — оның көлігі жолда қалып қойған. Полиция қызметкерлерінің жанашырлығы мен жедел қимылының арқасында қиындықтың алдын алынды. Полиция аға лейтенанты Еркебұлан Рысбеков мен аға лейтенант Еділ Абылқасымов жүргізушіге көмек көрсетіп, қажетті қолдау білдірді.
Кейде шағын ғана көмек үлкен рөл атқарады. Көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін жүргізуші полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
Мұндай оқиғалар бізге форманың ар жағында қоғамға қызмет етуді абыройлы іс санайтын адамдар тұрғанын еске салады. Азаматтардың алғыс сөзі әрқашан да полицейлер үшін қиын да жауапты, бірақ соншалықты қажетті қызметін жалғастырудағы ең маңызды ынталандыру болып қала береді.