Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция қызметкерлері студенттермен кездесу өткізді

Алматы облысында полиция қызметкерлері студенттермен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіби бағдар беру мен профилактикалық жұмыс аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Шара барысында полиция өкілдері ішкі істер органдарындағы қызметтің маңызы мен ерекшелігі туралы әңгімелеп, полицей мамандығының қоғамдағы орнына тоқталды. Олар құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыспен күрестегі полицейдің рөлі жөнінде кеңінен баяндады.

Студенттерге қызметке орналасу талаптары, қызмет өткеру тәртібі, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.

Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына, киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы тұру, деструктивті ағымдарға тартудың қауіптілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Болашақ мамандарға жеке қауіпсіздікті сақтау, цифрлық гигиена ережелерін ұстану туралы практикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар құқыққа қайшы жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауына және ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру