Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз тіс емдеген шетелдік ұсталды

Павлодар облысында шетелдік азамат заңсыз түрде стоматологиялық медициналық қызмет көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы аумағында "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылау.

Полиция қызметкерлері тексеріс барысында 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеді. Полиция қызметкерлері емдеу-профилактикалық мекемелерде, кәсіпорындарда, дәріханалар мен қоймаларда рейдтік іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткенін анықтады. Оның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсаттама құжаттары болмаған.

Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру