Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіні жасырын қойып кетушілерге қоғамның көзқарасы қандай?

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әлеуметтік эксперимент ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала көшелерінде, үйлер маңында, саябақтарда есірткі заттарын қойып кететін жас жігіттің образы қоғамның реакциясын анықтап көру үшін ұйымдастырылды. Бұл эксперименттің мақсаты – тұрғындардың мұндай жағдайларға деген көзқарасын, әрекет ете білу қабілетін анықтау және қоғамның есірткіні бірге жеңу жолындағы әлеуетін көрсету.

Эксперимент барысында қарапайым тұрғындар, өткен-кеткен жаяу жүргіншілер есірткі затын байқап қалғанда, әртүрлі әрекет жасады. Кейбірі дереу полицияға хабарласып, қауіп туралы ескертті. Бұл жауапкершіліктің, заңға бағынудың, өз жақындарының қауіпсіздігіне деген қамқорлықтың ерекше көрінісі болды. Басқалары жағдайға немқұрайлы қарап, жөнсіз бас изеп өтіп кетті. Мұндай реакция – қоғамда әлі де болса түсініксіздік пен сенімсіздіктің бар екенін көрсетеді.

Ал енді бір топ азамат жас жігітке үн қатып, оның ісіне наразылық білдірді. Олар оның өз өмірін және айналасындағы адамдардың өмірін құртуға жол бермеуін талап етті. Бұл – ең маңызды әрі адамгершілікке толы қадам. Себебі дұрыс бағыттағы диалог пен қолдау – қоғамдағы ең мықты қару.

Полиция тұрғындарды заңсыз есірткі айналымына қатысушылар туралы көрген жағдайда бірден хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру