Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда оқушыларға құқықтық сауаттылық пен есірткінің зияны туралы айтылды

Түркістан қаласындағы бірнеше білім беру мекемелерінде оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткінің зияны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Өсербаев арнайы қатысты.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың түрлері мен оның заң алдындағы салдары туралы кеңінен әңгімелеп, әрбір азаматтың заңды құрметтеуі қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар оқушыларға есірткі заттарының адам ағзасына тигізер зиянды әсері, психикалық және физикалық денсаулыққа қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді. Полиция қызметкерлері нақты өмірлік мысалдар келтіріп, жасөспірімдерді қауіпті әдеттерден сақтануға шақырды. Сондай-ақ оларды спортпен айналысуға, пайдалы іспен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.

Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, теріс қылықтардың алдын алуға, сондай-ақ жастардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осы бағыттағы басқосулар - облыстағы барлық мектептерде тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру