Алматыдағы "Жолда қабылдау" іс-шарасына 200-ден астам адам қатысты
Алматыдағы "Жолда қабылдау" іс-шарасына 200-ден астам адам қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында республикалық "Жолда қабылдау" науқанының кезекті кезеңі аяқталды. Екі күн ішінде полицияның стационарлық қабылдау пункттеріне 200-ден астам қала тұрғыны мен қонақтары жүгінді.
Азаматтарды негізінен жол қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қызықтырды, сондай-ақ көші-қон саясаты мен полиция қызметінің өзге де бағыттары бойынша кеңестер берілді.
- Алматылықтар үшін "Жолда қабылдау" жобасы маңызды. Азаматтар бұл кездесулерді күтеді, себебі ол полициямен ашық әрі сенімді диалог орнатудың тиімді алаңы. Біз үшін тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, бірге шешім іздеу маңызды. Осындай ашық жұмыс форматы өзара сенімді нығайтып, қаламызда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Науқан өзінің тиімділігін дәлелдеді және Мемлекет Басшысы жариялаған "Профилактика жылы" мен "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жалғасын табады.