Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Цифрлық сервистер полиция мен халықты жақындата түсті

Астанада азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жедел әрі ыңғайлы қабылдау мақсатында омниканалды жүйе тиімді жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері аталған жүйе арқылы 16 мыңнан астам хабарлама қабылданды. Омниканалды қабылдау жүйесі – азаматтардың полиция органдарына чат-бот, Egov порталы, Kaspi және Halyk қосымшалары арқылы және telegram сияқты әлеуметтік желілер арқылы өтініш жолдауына мүмкіндік береді. Бұл тәсіл полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты күшейтіп, халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.

Мысалы, Egov қосымшасы арқылы қала тұрғыны Ақмешіт көшесінде Toyota Camry көлігінің мүгедектерге арналған тұраққа қойылғаны жөнінде шағым түсірген. Аталған дерек бойынша полиция қызметкері көлік жүргізушісіне заң аясында шара қолданды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп пен құқықтық нормаларды сақтауға шақырады. Сондай-ақ тұрғындарға кез келген құқық бұзушылықты анықтаған жағдайда омниканалды қабылдау жүйесі арқылы хабарлау мүмкіндігі бар екенін еске салады.

Жауап қалдыру