Абай облысында полиция қызметкерлері саптық даярлық сабағына қатысты
Абай облысында полиция қызметкерлері саптық даярлық сабағына қатысты. Іс-шараны арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның саптық дайындығын жетілдіру, қызметтік тәртіп пен ұйымшылдықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау барысында кәсіби дағдыларын шыңдау.
Сабақ барысында полиция қызметкерлері саптық тұрыс, бір орындағы және қозғалыстағы бұрылыстар, саппен жүру, сәлемдесу және рапорт беру тәртібі секілді негізгі элементтерді пысықтады. Арнайы назар басшылық құрамның саптағы тәртіпті сақтауы, пәрмендерді нақты беруі және жеке құраммен өзара іс-қимылды дұрыс ұйымдастыруына аударылды.
Сонымен қатар нысанды киімді дұрыс кию тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері де қаралды. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының өкілдері мұндай дайындықтар полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырумен қатар, олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайтуға да оң әсер ететінін атап өтті.
Саптық даярлық сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған міндеттерді толық орындап шықты.