Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері FPV-дрондар жарысында I-орын иеленді

Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері FPV-дрондар жарысында I-орын иеленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен күш құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында FPV-дрондарды пилоттау бойынша жарыс өтті.

Жарысқа төрт жаттығу бойынша 14 команда қатысты.

Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшілері "Ұшқышсыз ұшу аппаратынан граната лақтыру" жаттығуында үздік нәтижеге қол жеткізіп, I-орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша тактика және жалпы әскери пәндер кафедрасының ұшқышсыз ұшу аппараттары циклінің оқу зертханасының бастығы Мұхаммед Ахашов, 3 оқу батальоны 5 оқу ротасының курсанты Исмаил Мусин медальмен және грамотамен марапатталды.

Бұл жеңіс Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, заманауи технологияларды меңгерудегі шеберлігін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру