Астанада полиатлоннан Әлем кубогының жеңімпаздары атанған полицейлер марапатталды
Астанада полиатлоннан Әлем кубогының жеңімпаздары атанған полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінде жылдам қимылдайтан арнайы жасағының қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Олар полиатлоннан өткен Әлем кубогында жүлделі орындарға ие болды. Жарыс Қырғызстанда өтіп, оған жеті елден қатысушылар жиналды. Турнир қорытындысы бойынша полиция капитаны Ізбасар Мусабеков пен полиция аға лейтенанты Айхат Ибрашев өз санаттарында күміс медаль иеленді.
Бұдан бөлек, Ізбасар Мусабеков жеке есептегі жүгіру жарысында қола медальмен марапатталды. Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Тулебаев спортшыларға кубок пен медальдарды табыстап, олардың жоғары кәсібилігін, жеңіске деген жігерін және Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын арттырған еңбегін атап өтті.
Департамент басшылығы қызметкерлердің спорттық жетістіктерін олардың рухының мықтылығының, тәртіп пен отансүйгіштіктің айқын көрінісі ретінде бағалады. Арнайы жасақ қызметкерлерінің халықаралық деңгейдегі жетістіктері елордалық полицейлердің жоғары дене дайындығы мен қызметте де, спортта да үздік болуға ұмтылысын дәлелдейді.