Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Елордада Instagram әлеуметтік желісі арқылы жалған парақша ашып, тұрғындарды алдаған алаяқтыққа күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық қылмысының бетін ашты. Тергеу барысында анықталғандай, 21 жастағы күдікті Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, өзін жиһаз сатумен айналысатын кәсіпкер ретінде көрсеткен.

Ол түрлі жиһаз түрлерін төмен бағамен жарнамалап, "жеткізіп беремін" деген уәдемен азаматтардың сеніміне кірген. Ол алдын ала төлем жасауды талап етіп, ақшаны алған соң байланысқа шықпай отырған.

Нәтижесінде екі тұрғын алданған. Жалпы шығын көлемі 150 мың теңгені құрады. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция азаматтарды қырағылық танытып, осындай қылмыстардың құрбаны болмауға шақырады.  Алдын ала төлем жасамауды және сатушының нақты мекенжайын және ресми құжаттарын тексеруді ұсынады. Егер сіз де алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу "102" нөміріне хабарласыңыз немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгініңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру