Талғарда "Чемпиондық рух" жобасы жастарды салауатты өмір мен спортқа шақырды
Алматы облысының Талғар ауданында "Чемпиондық рух" жобасы аясында жастарды салауатты әрі есірткісіз өмір салтына ынталандыру мақсатында кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ есірткіге қарсы иммунитетті нығайту болды.
Іс-шараға Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов қатысып, жастарға өмірде дұрыс таңдау жасау мен спорт пен еңбекті өмірлік қағидаға айналдырудың маңыздылығын атап өтті.
– Есірткісіз өмір – бұл еркіндік, қуат пен өзіңе деген сенім. Өмірлеріңді бағалаңдар, болашақтарың үшін күресіңдер және ең басты байлықтарың – еркіндік пен денсаулықтан айырылмаңдар, – деді ол өз сөзінде.
Шара барысында қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау мақсатында ағаш пен тал көшеттерін отырғызды. Бұл акция жастардың таза табиғат пен салауатты өмір үшін бірлескен еңбегін бейнелейтін символдық мәнге ие болды.
Іс-шараға қоғам және спорт саласының танымал өкілдері қатысты, олардың қатарында:
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов;
Талғар ауданының әкімі Қанат Айдарбеков;
кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қанат Ислам;
Алматы облыстық мәслихат депутаты Сергей Владимирович Горяной;
Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов;
халықаралық деңгейдегі кәсіби спортшы Дуглас Пума;
ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Жасұлан Қыдырбаев;
Алматы облыстық мәслихат депутаты, "Чемпиондық рух" жобасының амбассадоры Нұрсұлтан Орынбасаров болды.
Шара соңында қатысушылар жастарды белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға, өз елінің болашағы үшін жауапкершілікпен қарауға және қоғамның дамуына үлес қосуға шақырды.
Алматы облысының полиция департаменті осындай жобалар арқылы жас буын арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырып, оларды спортқа, еңбекке және рухани кемелденуге бағыттау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.