Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында 2025 жылдың басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жүргізілген тексеру шаралары нәтижесінде, келеңсіз өмірлік жағдайдағы және тұрақты түрде тұрмыстық жанжалдар болатын 2 700 отбасыға қорғау нұсқамасы шығарылды. Қорғау нұсқамасы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында қолданылатын заңды құрал.

Сонымен қатар 300 азаматқа мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар белгіленді. Бұл талаптар құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылды.

Абай облысы полиция департаменті тарапынан аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасуда. Отбасындағы тұрақтылық пен қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – басты басымдықтардың бірі болып қала бермек.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бұл тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, сонымен қатар қоғамның, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Профилактикалық жұмыс – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде адамдардың санасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, отбасы институтын нығайтуға және балалардың қауіпсіз ортасында тәрбиеленуіне ықпал етеді.

Полиция барлық азаматты құқықтық тәртіпті сақтауға, отбасылық жанжалдарға жол бермеуге және кез келген дау-дамайды заң аясында шешуге шақырады.

Естеріңізге саламыз, тұрмыстық зорлық-зомбылық — бұл қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық. Қайталама құқық бұзушылық жасаған тұлғалар заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеміз. Заңды білу – қауіпсіздіктің кепілі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру