Қостанайда жол ережесін елемеген жүргізушілер анықталды
Қостанайда жол ережесін елемеген жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда полицейлер шетелдік нөмірі бар Hyundai Solaris автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде көршілес елдердің бірінің тұрғыны болған. Оның атына 37 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, олардың басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін асыру болған. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Сонымен қатар "Қорғау" бағдарламасының көмегімен полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылған автокөлікті анықтады.
Патрульдік полиция инспекторының қызметтік планшетіне "Қорғау" бағдарламасы арқылы Geely автокөлігінде жалған нөмірлер орнатылғаны туралы хабарлама түскен. Рөлде Қостанай қаласының 60 жастағы тұрғыны болған.
Аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзу және әкімшілік қаулыларды елемеу көлік құралына қатысты шектеу шаралары қолданылуына әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады.