Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында тағы бір "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды

Ақмола облысында жаңа "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясында офицерлер үшін ғана емес, олардың аға әріптестері үшін де маңызды оқиға  өтті.

Дәл осы білім ордасында екі жыл бұрын өңірдегі алғашқы "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылған болатын. Осы уақыт ішінде оның тәрбиеленушілері полиция қызметкерлерінің сенімді көмекшісіне айналып, департамент ұйымдастырған барлық іс-шараларға белсене қатысып келеді. Сондай-ақ олар құрдастары мен ересектер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Биыл 5-сынып оқушылары жас полицейлер қатарына қабылданды. Балалардың бұл бастамасын ата-аналары мен мектеп әкімшілігі толық қолдап, қолайлы жағдай жасады. Енді олардың оқу процесі өзге сыныптардан өзгеше болмақ: жаңа пәндер, жаңа міндеттер енгізіліп, ал тәлімгерлік қызметті ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері атқарады.

Оқушылар да өз кезегінде жауапкершілікті сезініп, ашылу сәтіне ерекше дайындалды. Салтанатты шараға облыстық полиция департаментінің басшылығы, мектеп әкімшілігі мен ардагер полицейлер қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Аслан Қызбикенов өз сөзінде құқық қорғау бағытындағы сынып оқушыларының құқықтық тәртіпті сақтауға үлес қосып, еліміздің нағыз патриот азаматтары болып өсетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, "Жас сақшы" сыныбы бірнеше жылдан бері 2009 жылы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция аға сержанты Болат Қажымовтың есімімен аталады. Ашылу күні жас құқық қорғаушыларға арналған жаңа оқу кабинеті де пайдалануға берілді.

Жаңа сыныпта қауіпсіздік сабақтары, ардагерлермен және полиция қызметкерлерімен кездесулер, түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Полицейлердің айтуынша, мұндай сыныптар – полиция мен өскелең ұрпақ арасындағы маңызды байланыстырушы буын. Олар жас қазақстандықтардың бойында жауапкершілік, қоғамға қызмет етуге дайындық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама елдің құқық қорғау жүйесі үшін болашақ кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру