Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "SOS" дабыл түймесі арқылы 300-ге жуық шақырту тіркелген

Абай облысында "SOS" дабыл түймесі арқылы 300-ге жуық шақырту тіркелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында енгізілген "SOS" дабыл түймесі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Биылғы жылдың басынан бері аталған жүйе арқылы 285 жедел шақыру тіркелген.

"SOS" дабыл түймесі  - төтенше немесе қауіпті жағдай туындаған кезде, байланыс құралдарын пайдалану мүмкін болмаған сәтте полициямен бірден хабарласуға мүмкіндік беретін заманауи қауіпсіздік жүйесі. Бұл құрылғы азаматтарға шұғыл көмек алу үшін арнайы орнатылады.

Бүгінде Семей қаласында осындай 10 дабыл түймесі жұмыс істеп тұр. Оның қолдану тәртібі өте қарапайым: азамат түймені басқан сәтте белгі бірден полицияның жедел басқару орталығына түседі. Орталықтағы кіріктірілген бейнебақылау камерасы арқылы оқиға орны бақылауға алынып, жағдайдың барысы назарда ұсталады. Сонымен қатар түймеге орнатылған динамик арқылы оператор жәбірленушімен тікелей байланысқа шығып, қажетті кеңес пен көмек көрсете алады.

"SOS" дабыл түймесі - "102" нөмірі арқылы жасалатын қоңырауларды толықтыратын қосымша қауіпсіздік тетігі. Бұл бастама азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды шара болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру