Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер жүргізушілерге алаяқтық туралы түсіндірді

Павлодарда полицейлер жүргізушілерге алаяқтық туралы түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алаяқтықтың жаңа түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізді. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне ақпараттық буклет таратты. Полицейлердің айтуынша, жүргізушілерді алдау үшін әртүрлі амалдарды қолданатын жағдайлар жиілеп кетті.

– Мысалы айыппұл салынғаны туралы хабарлама келеді, бірақ іс жүзінде айыппұл жоқ. Қаскүнемнің мақсаты-ақшаны немесе сіздің жеке ақпаратыңызды алу. Буклеттерде жүргізушілерге қырағы болудың, бейтаныс адамдарға өз құжаттарын бермеудің, белгісіз адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаудың және кез келген күдікті жағдайларда дереу полицияға жүгінудің маңызы ескертілді, – деп атап өтті Павлодар қаласының орталық полиция бөлімі.

Полицейлер алаяқтықтың алдын алу шараларын қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Сондықтан азаматтарға күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар келсе, сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру