Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкері "Ана тілім – айбыным" байқауында жүлделі орын иеленді

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкері "Ана тілім – айбыным" байқауында жүлделі орын иеленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және тіл мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Ана тілім – айбыным" облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау 20 қазанда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өтті.

Жарысқа барлығы 9 үміткер жолдама алғанымен, денсаулығына байланысты екі қатысушы сайысқа қатыса алмады. Қалған 7 үміткер үш кезең бойынша бақ сынады:

"Таныстыру" – қатысушылар өздерін және қызметін таныстырды.

"Елтаным" – сұрақ-жауап түрінде ел тарихы мен мәдениетіне қатысты білім деңгейі сыналды.

"Өнерліге – өріс кең" – қатысушылар өз өнерін ортаға салды.

Байқауда №74 мекеменің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Асхат Серік үздік өнер көрсетіп, III орынға ие болды. Оның өнері мен мемлекеттік тілге деген құрметі қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Шара соңында ұйымдастырушылар байқаудың тіл мәртебесін көтерудегі, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтті.

Осындай іс-шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рухани және мәдени деңгейін арттырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру