Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқықтық мәдениет цифрлық сервистермен нығайтылуда

Абай облысында құқықтық мәдениет цифрлық сервистермен нығайтылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Egov Mobile”, Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшаларында “Заң мен Тәртіп” сервис іске қосылды. Абай облысында “Заң мен Тәртіп” цифрлық сервисі тиімді жұмыс істеуде.

Аталған функция арқылы тұрғындар кез келген құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы, балаға қатысты оқыс жағдай немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуы жөнінде полицияға жылдам әрі ыңғайлы түрде хабарлай алады. Пайдаланушы тек бір батырманы басу арқылы полицияға шағым жолдай алады.

Түскен хабарламалар жедел қабылданып, құқық қорғау органдары дереу әрекет етеді. Қазіргі таңда “Заң мен Тәртіп” сервисі арқылы полиция қызметкерлеріне “Egov Mobile” қосымшасынан - 53, Kaspi.kz қосымшасынан - 46 және Halyk қосымшасынан -1 өтініш келіп түскен.

Сервис іске қосылған сәттен бастап барлығы 100 өтініш қабылданып, өңделді. Жаңа цифрлық қызметтің енгізілуі азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру