Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанадағы колонияға телефон өткізбек болған күдікті анықталды

Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты  №3 мекемесінде телефонды өткізбек болған әрекет әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №3 мекемесінде ҰМК бақылаушысы  Н.Аббас тексеру бөлмесінде тыйым салынған затты өткізбек болған әрекетті анықтады.

Ұзақ мерзімді кездесу үшін күйеуіне келген азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында, жол сөмкесінің ішіндегі бас киімнің астынан жасырылған Nokia телефоны табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мекеме әкімшілігі ескертеді: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейді және ол үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру