Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметінің тоғыз айлық қорытындысы талқыланды

Алматы қаласы полиция департаментінде биылғы жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынды полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өткізді. Кеңеске департамент басшысының орынбасарлары, басқарма мен бөлім басшылары, сондай-ақ қалалық аумақтық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

Басқосу барысында ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері қаралып, өзекті мәселелер талқыланды және келешектегі міндеттер белгіленді.

– Алматы қаласындағы криминогендік жағдай тұрақты әрі толық бақылауда. Барлық бағыттар бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 12 пайызға төмендеді. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі де жақсарды. Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясында құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "Заң және тәртіп" қағидатын қоғамда орнықтыруға ерекше назар аударылуда, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар департамент бастығы есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға қарсы күрес бағытындағы кешенді жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне де басым көңіл бөлінуде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көлік қозғалысын және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін бақылауға арналған цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жүргізілуде.

Сонымен бірге, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды арттыру, полицияға деген сенімді нығайту және тұрғындарды профилактикалық шараларға тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Кеңес қорытындысында Арыстанғани Заппаров басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.

Алматы қаласы полициясы шаһардағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, "Заң және тәртіп" қағидатын берік ұстануды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру