Павлодар облысында әйелдер құқығын қорғау мәселесі талқыланды
Павлодар облысында әйелдер құқығын қорғау мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Май ауданында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айдана Назарбекова отбасыны қолдау орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде әйелдер құқығын қорғау және оларға уақытылы көмек көрсету саласында мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын арттыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен қиын өмірлік жағдайларға тап болатын әйелдердің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Көктөбе ауылының тұрғынының жағдайы қаралды. Ол ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған үш баласымен жалғыз қалып, баспанасыз қалған.
Талқылау қорытындысы бойынша, тиісті құқықтық реттеу және отбасыға қолданыстағы заңнама аясында қажетті көмек көрсету мақсатында әкімдікке ресми сұрау жолдау туралы шешім қабылданды.
Инспектор әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын, сондай-ақ мұндай жағдайларға дер кезінде әрекет ету керегін атап өтті. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді.
