Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі азаматтар арасында футболдан жарыс өтті

Қызылордада есептегі азаматтар арасында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы ауданында есептегі сотталғандар тұрған азаматтар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараны аудандық прокуратура, Қармақшы аудандық пробация қызметі және “Жастар” қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді. Жарыстың негізгі мақсаты – есептегі азаматтарды қоғамға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Мұндай спорттық іс-шаралар есептегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, өзара байланысын нығайтуға және бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен септігін тигізеді. Біз алдағы уақытта да осындай игі шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып отырамыз, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Ержан Әбілдаев.

Осындай жарыстар бізге жаңа күш береді. Бір-бірімізбен араласып, өмірге деген көзқарасымыз өзгереді. Бізге қолдау көрсетіп жатқан пробация қызметі мен ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деді есептегі азамат.

Турнирге 20 азаматтан құралған төрт команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынға ие болған командаға кубок, медаль және ақшалай сыйлық, ал II және III орын иегерлеріне медальдар мен ақшалай марапаттар табыс етілді.

Сонымен қатар қатысушылар “Үздік қақпашы” және “Үздік шабуылшы” номинациялары бойынша марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру