Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында палата директорының орынбасары Ақиқат Шарапатдиновтың төрағалығымен сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ильяс Кирбасов, департамент қызметкерлері, "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері және жергілікті құрылыс ұйымдарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен өңір кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сотталғандарды еңбекке тарту және қосымша жұмыс орындарын ашу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар өндірістік учаскелерде жаңа жұмыс орындарын құрудың тиімді тетіктері қарастырылды.
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ильяс Кирбасов өз сөзінде бұл бағыттағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті:
– Сотталғандарды еңбекке тарту – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Еңбек адамға жаңа мамандық игеруге, қоғамға бейімделуге және өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді. Біз мұндай мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында өңір кәсіпорындарымен бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз, – деді ол.
Шара қорытындысында қатысушылар бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру және сотталғандарды еңбекпен қамту бағытындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ортақ ұсыныстар қабылдады.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.