Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Арыс ауданында полиция қызметкерлері “Кибер алаяқтықтың алдын алу, қорғау және жауапкершілік” тақырыбында локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен тәсілдерін — фишинг, жалған сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы алдау және өзге де киберқылмыс түрлерін түсіндірді.

Сондай-ақ қатысушыларға жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс тұлғалармен қаржылық әрекеттерге бармау және интернет кеңістігінде сақтық шараларын ұстану жөнінде нақты кеңестер берілді.

Полицейлер интернет алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін баяндап, азаматтарды киберқылмысқа қарсы қырағылық танытуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру