Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Басқару академиясы халықаралық серіктестікті дамытуда

ҚР ІІМ Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов полиция академияларының платформасының алғашқы вице-президенті болып сайланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов 5 қарашада өткен түркі мемлекеттерінің полиция академияларының платформасын (TÜRKPAP) құру жөніндегі 1-ші Конгреске және меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

Бас Ассамблея отырысының қорытындысы бойынша ІІМ Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов аталған платформаның алғашқы вице-президенті болып сайланды.

Конгресстің 2-ші отырысын өткізу орны мен тақырыбы айқындалып, қатысушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттары бекітілді.

Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту мен тәжірибе алмасу түркі мемлекеттерінің полиция академияларының білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы халықаралық серіктестікті дәйекті түрде дамытып, Қазақстанды беделді салалық алаңдарда табысты таныстыруды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру