Ақмола облысында ІІО ардагерлері ұлттық спорт түрлері бойынша турнир ұйымдастырды
Ақмола облысында ІІО ардагерлері ұлттық спорт түрлері бойынша турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының ардагерлері күніне орай Біржан сал ауданының Степняк қаласында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті. Жарысты бұрын Көкшетау облысының бұрынғы Уәлиханов ауданында жұмыс істеген ардагерлер ұйымдастырды. Ондаған жыл бойы осы бөлімшеде қызмет еткен полиция қызметкерлері байланысын үзген жоқ және белсенді азаматтық қызмет атқаруда.
Турнирді өткізу туралы бастаманы басшылық, ардагерлер кеңесі және полиция департаментінің жеке құрамы қолдады, ал оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
– Мұндай жарыстар, ең алдымен дене шынықтыру мен спортты насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту және өскелең ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие беру мақсатында өткізіледі, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Қатысушылар асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ сияқты ойындардан бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен серіктестерге бастаманы қолдағаны үшін және ардагерлер мен жастар арасындағы спорттық белсенділікті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
