Ақмолада полиция мен жастар қоғамдық қауіпсіздік үшін күш біріктірді
Ақмолада полиция мен жастар қоғамдық қауіпсіздік үшін күш біріктірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастамасымен "Халықтық патруль" акциясы аясында әлеуметтік бағыттағы бейнеролик түсірілді.
Роликтің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Бейнеролик авторлары адамдардың ұсақ ұрлық, алкогольдік ішімдіктер ішу, қоғамдық орындарда темекі шегу секілді құқық бұзушылықтарға жиі куә болатынын, алайда көп жағдайда мұндай жайттарға бейжай қарайтынын көрсетеді. Туындының басты үндеуі – азаматтарды құқық бұзушылықтарға немқұрайды қарамауға, сондай-ақ осындай фактілер туралы "102" нөміріне дер кезінде хабарлап, полицияға жедел әрекет етуге көмектесуге шақыру.
Акция аясында "Халықтық патруль" атты еріктілер бірлестігі құрылды. Оның құрамына белсенді студенттер мен қоғам өміріне бейжай қарамайтын тұрғындар кіреді. Еріктілер полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне ресми түрде атсалыса алады.
Бейнероликтегі барлық көріністер сахналанған. Дегенмен оның берер ойы – нақты өмірден алынған. Полиция департаменті азаматтарға еске салады: бөтеннің мүлкін ұрлау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, темекі шегу және қоршаған ортаны ластау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттеріне (@akan_sery_madeniet_kolledji) және "Достар" мәдениет сарайының қызметкерлеріне (@zhenisbecktemir, @dostar_madeniyet_saraiy) әлеуметтік бейнероликті дайындауға қосқан белсенді еңбектері мен шығармашылық үлестері үшін ерекше алғыс білдіріледі.
