Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Атырауда полицейлер интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде тәртіп сақшысы интернет арқылы жасалатын қылмыстардан қорғану жолдары мен алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі де жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері атап өтіліп, алаяқтардың жиі қолданатын әдістеріне нақты мысалдар келтірілді.

Әсіресе жалған инвестициялық жобалар, фишинг сілтемелер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдері кеңінен талқыланды.

- Атырауда жыл басынан бері 500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Алаяқтар көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланып, адамдарды алдап ақша бопсалайды. Кейде шетелдік нөмірлерден немесе жалған аккаунттар арқылы хабарласып, сенімге кіріп кетеді. Сол себепті күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу керек, — деді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Дәурен Мұханбеталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру