Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №77 мекемеде нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде сотталғандар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шараға мекеменің режим және күзет бөлімі бастығы, Ербол Маканов, сондай-ақ Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бекет Оразалиев пен Пердегүл Көбесинова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар сотталғандарға есірткі құралдарын қолдану мен таратудың заңдық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың салдары және осы бағыттағы соңғы заңнамалық өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, өзін-өзі дамыту және болашаққа саналы көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — нашақорлықтың алдын алу, сотталғандар арасында салауатты өмір салтына оң көзқарас орнату және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі әрі тиімді жүргізу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру