Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында демалыс күндері кең ауқымды рейд өтті

Түркістан облысында демалыс күндері кең ауқымды рейд өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен облыс полицейлері демалыс күндері қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырып келеді.

Өткен демалыс күндері кезекті рейд барысында полицияның арнайы күштері трассалар мен аудан орталықтарының көшелерінде күшейтілген тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жол ережесін бұзған 305 жүргізушіге шара қолданылып, 64 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Рейд кезінде облыс полициясының басшылығы жүргізушілермен және жолаушылармен кездесіп, заң талаптарын түсіндірді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру