Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер браконьерлікке қарсы күресті күшейтті

Ақтөбе облысында полицейлер браконьерлікке қарсы күресті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды күшейту, сондай-ақ заңсыз аңшылық пен балық аулаудың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша аралығында полиция қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Іс-шара басталғалы бері мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 146 фактісін анықтады

Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аңшылық қағидаларын бұзудың — 71 фактісі, балық аулау қағидалары мен балық ресурстарын және су жануарларын қорғау талаптарын бұзудың — 59 фактісі, азаматтық және қызметтік қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзудың — 9 фактісі тіркелді.

Жедел ақпаратты тексеру барысында полицейлер облыс тұрғындарының бірінің үйінен 12 киік мүйізін және аңшы мылтығына арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты. Сондай-ақ іс-шара барысында екі резеңке қайық, 500 метр тыйым салынған балық аулау торлары тәркіленді.

Полиция браконьерлік өңір экожүйесіне елеулі зиян келтіретінін және құқық бұзушылық құралдарын тәркілеуден бастап, жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке дейінгі қатаң жаза қарастырылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру