Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заң және Жастар": ШҚО-да полицейлер студенттерге диалог алаңын өткізді

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Өскемен жоғары медициналық колледжінде "Esirtkisiz Shygys" өңірлік есірткіге қарсы жобасы аясында "Заң және Жастар" атты диалог алаңын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері, Өскемен қаласы прокуратурасының өкілдері, Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерінің мамандары және "Аманат" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты қатысты.

Студенттер алдында ШҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары Малик Хамитов сөз сөйледі. Ол студенттерге есірткі зияны, есірткі құқық бұзушылықтарының түрлері, тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және пайдалану салдарлары туралы айтып, практикалық мысалдар келтірді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, құқықтық аспектілерді талқылай отыра, есірткі тұтынудың алдын алу, көмек және оңалту бағдарламалары туралы ақпарат алды. Бұл кездесу жастарды барынша салауатты өмір салты, заң алдындағы жауапкершілік және әлеуметтік бастамаларға қатысудың маңызы туралы негізгі идеяларды жеткізді.

Айта кету қажет, бұл диалог алаңы "Esirtkisiz Shygys" жобасын іске асырудың келесі кезеңі және өңірде салауатты, жауапты және қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру