Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкерлері үлгілі көлік жүргізушілерін марапаттады

Ақтөбеде полиция қызметкерлері үлгілі көлік жүргізушілерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында шамамен 10 жүргізуші, оның ішінде "Астана" телеарнасының журналисі, жыл басынан бері жол ережесін бұзбағаны және жол-көлік оқиғаларына қатыспағаны үшін полиция департаменті басшылығынан алғыс хат алды.

Алғыс хат алғандардың бірі Мұқит Дулат өз тәжірибесімен бөлісті.

– Мен 2014 жылдан бері көлік жүргізіп келемін. Жол ережелерін сақтап, сақтық таныту – тек өзімнің қауіпсіздігім үшін ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігі үшін маңызды, – деді Мұқит Дулат.

Бұл акция жауапты жүргізушілерді қолдауға және басқаларға үлгі көрсетуге бағытталған. Іс-шара республикалық "Үлгілі жүргізуші – 2025" акциясы аясында ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – тәртіпті, мәдениетті және заңға бағынатын көлік жүргізушілерінің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ жүргізу мәдениетін арттыру.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 1460-тан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция барлық көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережесін сақтап, жол қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру