Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Талдықорғанда мас жүргізуші электр бағанына соғылып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидасын бұзу – ауыр жол-көлік оқиғасына алып келді. Каблиса Жырау көшесінде, "ТемірҚазық" колледжінің маңында 55 жастағы әйел адам алкогольдік мас күйінде Lixiang автокөлігін тізгіндеп, электро бағанаға соғылған.

Соққының күші жоғары болып, көлік айтарлықтай зақымданды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті және барлық мән-жайды тіркеді. Әкімшілік іс материалдары жедел түрде сотқа жолданды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып 20 тәулікке қамауға алынды.

Полиция мас күйінде көлік жүргізу — қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретінін және заңды құрметтемеу екенін еске салады . Мұндай әрекеттер заң талаптарына сәйкес қатаң және принципті түрде тоқтатылады.

"Заң мен тәртіп" қағидасы — жай ұран емес, әрбір жүргізуші үшін міндетті талап. Тәртіп пен жол ережелерін сөзсіз сақтау ғана қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру